---
title: "Шаханов шығармасы тұңғыш рет қытай тілінде жарық көрмек"
description: "Үрімжі.17 қыркүйек. BAQ.kz - Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» нем..."
author: "Maigul"
published: "2013-11-18T02:05:12+00:00"
modified: "2013-11-18T02:53:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shahanov-shy-armasy-t-ysh-ret-ytay-tilinde-zhary-k-rmek-385414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shahanov-shy-armasy-t-ysh-ret-ytay-tilinde-zhary-k-rmek-385414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шаханов шығармасы тұңғыш рет қытай тілінде жарық көрмек

> Үрімжі.17 қыркүйек. BAQ.kz - Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» нем...

**Үрімжі.17 қыркүйек. BAQ.kz - Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» немесе «Ғасыр айырығындағы сырласу» деп аталатын кітабы жуырда қытай тіліне аударылып жатқанын Қытайдағы «Тәңіртау» ақпараттық порталы хабарлады.**

**

![Шаханов шығармасы тұңғыш рет қытай тілінде жарық көрмек](https://storage.yvision.kz/images/user/maigul/yHm601C29L6dj0vuz99vsGtK5K9WhH.jpg)

**

ҚР Халық ақыны М.Шахановтың кітаптары Қытайда толықтай басылып қана қоймай, кейбірі алты-жеті реттен жарық көрген. Соның ішіндегі Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» немесе «Ғасыр айырығындағы сырласу» кітабы Қытайдағы баспалар тарапынан ұйғыр және қырғыз тілдеріне де оқырманға жол тартқан. Аталмыш кітап Қытайдағы белді аудармашы Қайша Тәбаракқызының тәржімалауымен бір айдан кейін қытай тілінде жарық көрмекші.

«Бұл кітапта Шыңғыс Айтматов екеуіміз әлемдік деңгейдегі мәселелерді көп көтергенбіз. Шын мәніндегі махаббатты терең талқылағанбыз. ЮНЕСКО менің еңбектерімді «Әлемдік шығармалардың биігі» деп бағалады. Әлемнің көп тілдеріне аударылды. Тек қытай тіліне аударылмапты. Осы кітабымң да рухани қажеттілікті толық қанағаттандырады деген үмітім зор» деді ақын Шыңжаңның басшыларымен кездескен отырысында.

Айта кету керек, өткен аптада Шыңжаң Саяси кеңесінің төрағасы Асхат Керімбайұлы Үрімжі қаласында өткен «Қытай-Еуразия 2012» ЭКСПО көрмесіне қатысуға барған еліміздің халық ақынымен арнайы кездесіп екі ел достығы мен шығармашылық байланысы төңірегінде үлкен кездесу өткізген болатын.

Майгүл СҰЛТАН

[BAQ.KZ](http://baq.kz/kk/diaspora/10)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shahanov-shy-armasy-t-ysh-ret-ytay-tilinde-zhary-k-rmek-385414](https://yvision.kz/kk/post/shahanov-shy-armasy-t-ysh-ret-ytay-tilinde-zhary-k-rmek-385414)