---
title: "Шағын футболдан медицина қызметкерлері арасында өткен чемпионатқа Маңғыстау құрамасы қатысты!"
description: "Аталмыш жарысқа Маңғыстау командасы «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қолдауының ..."
author: "News-Aktau"
published: "2021-12-21T04:32:53+00:00"
modified: "2021-12-21T04:32:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futboldan-medicina-yzmetkerleri-arasynda-tken-chempionat-a-ma-ystau-ramasy-atysty-956974"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futboldan-medicina-yzmetkerleri-arasynda-tken-chempionat-a-ma-ystau-ramasy-atysty-956974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шағын футболдан медицина қызметкерлері арасында өткен чемпионатқа Маңғыстау құрамасы қатысты!

> Аталмыш жарысқа Маңғыстау командасы «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қолдауының ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/993e1406ca7b709398d357f1bb3b48.jpg)

Аталмыш жарысқа Маңғыстау командасы «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қолдауының арқасында қатысып, құрметті үшінші орынға ие болды. Біздің команда құрамында Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы, облыстық жедел жәрдем стансасы, Түпқараған, Бейнеу және Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы сияқты ұйымдардың медицина қызметкерлері өнер көрсетті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/b45de9a5051555b1ca8577f13f79d7.jpg)

Маңғыстау облысы құрамасының құрамында келесі ойыншылар өнер көрсетті. Команда капитаны Қобланов Сәкен Ұзақбайұлы болса, Жолдасов Ислам Салилуй, Алиманов Әуесбек Нұрлыбекұлы, Бекхожин Мұрат Қалдыбекұлы, Қазыбаев Бертқали Дүйсембайұлы, Чотбаев Сапарбай Қадірбайұлы, Қаматаев Айдос Салықұлы, Айымов Шалқар Еркінұлы, Бүркіталиев Нұрлан Ермекбайұлы, Стуаниев Мирас Жалқасұлы, Зекенов Манарбек Нұрболатұлы, Ерғожаев Қанат Іңірбайұлы, Шахбаев Нұрлан Қобланұлы және Хасанов Сержан Мақташұлы негізгі ойыншылар болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/1151832b58baab483a3969cb7d82d5.jpg)

Айта кету керек, турнирде «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша құрама капитаны Сәкен Ұзақбайұлы Қоблановтың жақсы өнер көрсете білді. Медицина қызметкерлері арасындағы шағын футбол турнирінде сәтті өнер көрсеткен "Маңғыстау" командасын құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/6b4cc34cc6b3ea268c8d784902c053.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futboldan-medicina-yzmetkerleri-arasynda-tken-chempionat-a-ma-ystau-ramasy-atysty-956974](https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futboldan-medicina-yzmetkerleri-arasynda-tken-chempionat-a-ma-ystau-ramasy-atysty-956974)