---
title: "Шағын футбол жарысы"
description: "1 мамыр 2019 жылы орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Шанаев Р.У. және Әбді..."
author: "Damir92"
published: "2019-05-11T04:44:32+00:00"
modified: "2019-05-11T04:44:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futbol-zharysy-832211"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futbol-zharysy-832211/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шағын футбол жарысы

> 1 мамыр 2019 жылы орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Шанаев Р.У. және Әбді...

1 мамыр 2019 жылы орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Шанаев Р.У. және Әбділда Д.М. Халықтар достығы күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың футбол алаңында студенттер мен магистранттар арасында шағын футбол жарысын өткізді. Жарысқа филология және әлем тілдері факультетінің 5 кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.

8 команда арасында Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Тіл білімі кафедрасының командасы қол жеткізсе, үшінші орынға Шетел филологиясы кафедрасының ойыншылары жайғасты.

Жеңімпаздар мен жұлдегерлерге грамота және медальдар табысталды.

www.kaznu.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futbol-zharysy-832211](https://yvision.kz/kk/post/sha-yn-futbol-zharysy-832211)