---
title: "Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды"
description: "Муониода (Финляндия) шаңғымен сырғанаудан халықаралық жарыста қазақстандық Алексей Полторанин екі қ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-17T23:20:00+00:00"
modified: "2013-11-17T23:20:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sha-ymen-syr-anau-poltoranin-eki-altyn-aldy-385370"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sha-ymen-syr-anau-poltoranin-eki-altyn-aldy-385370/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды

> Муониода (Финляндия) шаңғымен сырғанаудан халықаралық жарыста қазақстандық Алексей Полторанин екі қ...

[!\[Алексей Полторанин\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131118090213-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131118090213.jpg)

Муониода (Финляндия) шаңғымен сырғанаудан халықаралық жарыста қазақстандық Алексей Полторанин екі қашықтықта жеңіске жетті, деп хабарлады alaman.kz.

Ерлер арасында классикалық стильдегі 10 шақырымдық жарыста қазақстандық спортшы бірінші орын алды, екінші орында — чех Лукаш Бауэр, үшінші орында — германиялық шаңғышы Ханнес Дотцлер.

Ерлер арасындағы спринтте классикалық стильде Алексей Полторанин жеңсе, екінші орыннан Финляндия спортшысы Ари Лууса көрінді, ал үшінші болып ресейлік Анатолий Волков келді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sha-ymen-syr-anau-poltoranin-eki-altyn-aldy-385370](https://yvision.kz/kk/post/sha-ymen-syr-anau-poltoranin-eki-altyn-aldy-385370)