---
title: "Ұшқыштар құрамымен кездесу"
description: "Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық ж..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-04-30T09:36:13+00:00"
modified: "2014-04-30T09:36:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-yshtar-ramymen-kezdesu-411887"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-yshtar-ramymen-kezdesu-411887/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұшқыштар құрамымен кездесу

> Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық ж...

**

![Ұшқыштар құрамымен кездесу](http://mod.gov.kz/foto/storefront/6180_large.jpg)

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық және оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болды.**

Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімде болды. С.Ахметов жеке құраммен кездесуде оларға Астанада өтетін әскери парадта кәсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік көрсету туралы тапсырма қойды.

Ол, сондай-ақ, белгіленген ұшу сағаттарын орындаған ұшқыштарды сыныптық біліктілікпен марапаттады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-yshtar-ramymen-kezdesu-411887](https://yvision.kz/kk/post/sh-yshtar-ramymen-kezdesu-411887)