---
title: "ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті"
description: "Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері үшін «Халықтық ІРО» бағдарлама..."
author: "askerkanov"
published: "2014-11-25T23:11:27+00:00"
modified: "2014-11-25T23:11:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-otd-da-haly-ty-iro-ba-darlamasyny-ekinshi-keze-ini-t-saukeseri-tti-443588"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-otd-da-haly-ty-iro-ba-darlamasyny-ekinshi-keze-ini-t-saukeseri-tti-443588/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті

> Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері үшін «Халықтық ІРО» бағдарлама...

**Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері үшін «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өткізілді.**

**

![ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/DkmD6aB0wy5X20vY0PNeA36Y34pJ6G.jpg)

**

Түсіндірме жұмыстарының басты мақсаттары: Қазақстан халқының қаржылық-инвестициялық сауаттылық деңгейін көтеру, ел азаматтарының құнды қағаздар нарығындағы операцияларға қатысу ниетін ояту, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келе жатқан «Халықтық ІРО» бағдарламасының бағыт-бағдарын түсіндіру. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде «Халықтық ІРО» бағдарламасын халықтың қолда бар жинақтарын инвестициялау мен еселеудің маңызды құралы екенін атап өтті.

![ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/PN9RZ9X0K4Y6GyYg3Lc6d06mn958tl.jpg)

Атап айтатын болсақ 2013 жылы қазақстандықтарға «КазТрансОйл» компаниясының акцияларын, ал биылғы жылы бірыңғай электр энергиясы жүйесінің жетекші операторы “KEGOC” АҚ құнды қағаздарын сатып алу ұсынылды.

![ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/hdsJgdli71cFsNkgx4O94Co4z9oO2u.jpg)

![ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/XFC9FfeoT3faLluUt3qeROurxTVxYJ.jpg)

Тұсаукесер өткеннен кейін филиал қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды және қазақстандықтар үшін «Халықтық ІРО» бағдарламасының ерекшеліктері туралы ойларымен бөлісті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-otd-da-haly-ty-iro-ba-darlamasyny-ekinshi-keze-ini-t-saukeseri-tti-443588](https://yvision.kz/kk/post/sh-otd-da-haly-ty-iro-ba-darlamasyny-ekinshi-keze-ini-t-saukeseri-tti-443588)