---
title: "ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды"
description: "Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коми..."
author: "msh"
published: "2015-08-05T22:48:01+00:00"
modified: "2015-08-05T22:48:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-sh-brakoner-staldy-527299"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-sh-brakoner-staldy-527299/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды

> Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коми...

![ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/msh/A83hzBxUq5pXOxzt3nOPsFL0W0w0F9.jpg)

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері рейд барысында үш браконьерді қолға түсірді. Тексеріс барысында арқардың 2 ұшасы мен 16 калибрлі мылтық анықталып, тәркіленді. Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

Анықтама:Арқар халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» (IUCN) енген. Бүгінде арқарлар Қазақстанда сирек кездесетін жануарлардың қатарына жатады, олардың саны республика бойынша шамамен 14737 дарақты құрайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі Тел.: 555-765 e-mail: minagripress@gmail.com www.minagri.gov.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-sh-brakoner-staldy-527299](https://yvision.kz/kk/post/sh-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-sh-brakoner-staldy-527299)