---
title: "ШҚО мен ҚХР ШҰАА Ынтымақтастық жол картасының 8 бағытын талқылады"
description: "Шығыс Қазақстан делегациясы Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үрімшіде өтіп жатқан «China-Eurasia Expo..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-23T09:42:11+00:00"
modified: "2016-09-30T05:37:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-men-hr-sh-aa-yntyma-tasty-zhol-kartasyny-8-ba-ytyn-tal-ylady-713249"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-men-hr-sh-aa-yntyma-tasty-zhol-kartasyny-8-ba-ytyn-tal-ylady-713249/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚО мен ҚХР ШҰАА Ынтымақтастық жол картасының 8 бағытын талқылады

> Шығыс Қазақстан делегациясы Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үрімшіде өтіп жатқан «China-Eurasia Expo...

Шығыс Қазақстан делегациясы Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үрімшіде өтіп жатқан «China-Eurasia Expo 2016» халықаралық көрмесіне қатысты. Шара аясында ҚХР ШҰАА бизнес қоғамының өкілдері және Халықтың Үкімет жетекшілігімен келіссөздер өткізілді.

![ШҚО мен ҚХР ШҰАА Ынтымақтастық жол картасының 8 бағытын талқылады](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/H31de042krpwy8DicZQ3u6a9lT7Y8o.jpg)

ШҚО ақпараттық орталығының мәліметінше, «Сhina-Eurasia Expo 2016» көрмесі ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданы Үрімші қаласында «Жібек Жолы: мүмкіндіктер мен болашақ» тақырыбында өтіп жатыр. Аталмыш шараны өткізу, ұйымдастырушылардың айтуынша, Қытай мен Азия, Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

«Сhina-Eurasia Expo» халықаралық көрмесінің қатысушылары азық-түлік өндірісі бойынша экспозицияларын таныстырды, оның ішінде ауыл шаруашылығы, логистика, ақпараттандыру, автоиндустрия бар. Қытай тарапы 14 бағытты таныстырды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Сhina-Eurasia Expo» мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық форумында Шығыс Қазақстан «Еуразия тоғысында» орналасқандықтан «Жібек Жол» экономикалық белдеуінің жүзеге асуына ерекше мән беретінін айтты.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-o-men-hr-sh-aa-yntyma-tasty-zhol-kartasyny-8-ba-ytyn-tal-ylady-713249](https://yvision.kz/kk/post/sh-o-men-hr-sh-aa-yntyma-tasty-zhol-kartasyny-8-ba-ytyn-tal-ylady-713249)