---
title: "ШҚО-да медициналық қалдықтар заңсыз өртелді"
description: "2017 жылдың 12 қыркүйегінде ШҚО экология департаментімен (бұдан әрі – Департамент) мекенжайына Өскем..."
author: "minenergo"
published: "2017-10-25T04:23:18+00:00"
modified: "2017-10-25T04:23:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-medicinaly-aldy-tar-za-syz-rteldi-782811"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-medicinaly-aldy-tar-za-syz-rteldi-782811/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚО-да медициналық қалдықтар заңсыз өртелді

> 2017 жылдың 12 қыркүйегінде ШҚО экология департаментімен (бұдан әрі – Департамент) мекенжайына Өскем...

2017 жылдың 12 қыркүйегінде ШҚО экология департаментімен (бұдан әрі – Департамент) мекенжайына Өскемен қаласы Свобода көшесі көпқабатты үйдің тұрғындарының атынан айдалада пластмасса иісіне тән белгісіз заттарды өртеу фактісіне қатысты шағым келіп түсті. Департамент тарапынан қызметкерлердің оқиға орнына жедел баруы ұйымдастырылды. Орынды көру барысында шағымда көрсетілген факт расталды. 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Департамент Өскемен қаласы ІІБ бастығына аталмыш жағдай бойынша орын алған оқиға фактісі бойынша шара қолдану жөнінде өтінішпен жүгінді. 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Өскемен қаласы қызметкерлерімен Департамент инспекторларының қатысуымен ашық аспан аясында қораптарға жиналған медициналық қалдықтарды автокөліктен түсіріп, өртеу әрекетінде ГАЗ 3302 (ГАЗЕЛЬ) маркалы автокөлігі ұсталды. Қалдықтарды жою заңсыз әрекеті полиция қызметкерлерімен әшкереленіп, заңсыз әрекет фактісін құжатқа бекіту іс-шаралары жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен жиналған материалдар бойынша, Департаментпен қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі есептеліп Өскемен қаласы прокуратурасына жолданды. Прокуратурамен ішкі істер органдарына Қылмыстық Кодекстің 332 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде тапсырма берілді. 27.09.2017 жылы Өскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімі тергеу бөлімшесімен аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 332 бабы 1 бөлімімен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта ГАЗЕЛЬ автокөлігі жүргізушісі күдікті ретінде танылып одан іс жағдайы бойынша жауап алынды. Куә ретінде ШҚО бойынша Экология департаментінің қызметкерлерінен, Ертіс ПБ қызметкерінен және ШҚО бойынша тұрғындардың денсаулығын қорғау департаментінің қызметкерінен жауап алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша қазіргі кезде Өскемен қаласы прокурорының жазбаша нұсқауына сәйкес жедел-тергеу шаралары кешені жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-medicinaly-aldy-tar-za-syz-rteldi-782811](https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-medicinaly-aldy-tar-za-syz-rteldi-782811)