---
title: "ШҚО-да «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы өтті"
description: "Акцияның басты мақсаты короновирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау беріп, құрмет кө..."
author: "Vk16.amanat.kz"
published: "2021-04-21T06:51:09+00:00"
modified: "2021-04-21T06:51:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-d-rigerlerdi-arda-tayy-akciyasy-tti-931810"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-d-rigerlerdi-arda-tayy-akciyasy-tti-931810/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚО-да «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы өтті

> Акцияның басты мақсаты короновирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау беріп, құрмет кө...

![ШҚО-да «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440777/22f939c660ab82fb553a34dc89815e.jpg)

Акцияның басты мақсаты короновирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау беріп, құрмет көрсету. Осы орайда, Өскемен және Семей қалаларында 100 дәрігерге алғыс пакеттері табысталды. Өскемен қаласы бойынша акцияға қолдау көрсеткен – ЖШС «Эмиль» директоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Аберле Анна Эрвиновна. Алғыс пакеттерінің ішінде: «Эмиль» ЖШС сүт өнімдері, Шоколад (Казахстан), Бал (300 гр), Халва, Шай, Сгущенка, Жемістер (алма, лимон, апелсин) және т.б.

![ШҚО-да «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440777/a0543a1b277dc5ee231e1c770f5e60.jpg)

«Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты – Алмас Айтмұқаш бұл акция арқылы біз дәрігерлерге деген құрметтің жоғары екендігін және бұл індетте халықпен бірге екендігін көрсету болды.

Сонымен қатар, «Jas Otan» Жастар қанатының белсендісі – Дастан Нұршуақ пандемия басталғалы бері біз Республикалық «Біз Біргеміз!», «Дәрігерлерді ардақтайық» сынды акцияларды ұйымдастыру арқылы өз бірлігімізді, қуатты ел екенімізді көрсетіп келе жатырмыз – деді.

Инфекциялық аурухананың дәрігерлері акцияны ұйымдастырушы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділеріне алғысттарын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-d-rigerlerdi-arda-tayy-akciyasy-tti-931810](https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-d-rigerlerdi-arda-tayy-akciyasy-tti-931810)