---
title: "ШҚО-да бұрын сотталған адам бір тұрғыннан миллион..."
description: "ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады. Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығының 37..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-16T05:29:00+00:00"
modified: "2024-05-16T05:29:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-b-ryn-sottal-an-adam-bir-t-r-ynnan-million-te-ge-bopsala-an-video-1004687"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-b-ryn-sottal-an-adam-bir-t-r-ynnan-million-te-ge-bopsala-an-video-1004687/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚО-да бұрын сотталған адам бір тұрғыннан миллион...

> ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады. Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығының 37...

*ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/3ddbefd61a48a57cd98adefdf9521d.jpg)

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады.

Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығының 37 жастағы бұрын сотталған тұрғынын 200 мың теңге алу кезінде ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның заңсыз ісін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қамауға алынған күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-b-ryn-sottal-an-adam-bir-t-r-ynnan-million-te-ge-bopsala-an-video-1004687](https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-b-ryn-sottal-an-adam-bir-t-r-ynnan-million-te-ge-bopsala-an-video-1004687)