---
title: "ШҚО-да қант тапшылығын пайдаланып, жұртты алдаған алаяқ ұсталды"
description: "Өскеменнің 29 жастағы тұрғыны елдегі қант тапшылығын пайдаланып, әлеуметтік желіде жалған жарнама ор..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-07-22T12:32:52+00:00"
modified: "2022-07-22T12:32:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-ant-tapshyly-yn-paydalanyp-zh-rtty-alda-an-alaya-staldy-971823"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-ant-tapshyly-yn-paydalanyp-zh-rtty-alda-an-alaya-staldy-971823/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШҚО-да қант тапшылығын пайдаланып, жұртты алдаған алаяқ ұсталды

> Өскеменнің 29 жастағы тұрғыны елдегі қант тапшылығын пайдаланып, әлеуметтік желіде жалған жарнама ор...

Өскеменнің 29 жастағы тұрғыны елдегі қант тапшылығын пайдаланып, әлеуметтік желіде жалған жарнама орналастырған. Әлеуметтік желідегі жарнаманы көрген азаматтар қантқа тапсырыс берген. Сатушымен WhatsApp арқылы сөйлесіп, мобильді қосымшадағы аударымдар сервисімен алдын ала төлем жасаған. Ақша аударымы сәтті өткен соң байланысқа шығуды доғарып, клиенттерді мессенджерде бұғаттап тастаған. Өздерінің алаяққа алданып қалғанын білген тұрғындар полицияға арыз түсірген. Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Департамент алаяқтың әрекетінен 100-ден аса адам зардап шеккенін, оларға 90 миллион теңгеге жуық шығын келгенін айтты.

Айта кетейік, күдікті кінәсі дәлелденсе, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-ant-tapshyly-yn-paydalanyp-zh-rtty-alda-an-alaya-staldy-971823](https://yvision.kz/kk/post/sh-o-da-ant-tapshyly-yn-paydalanyp-zh-rtty-alda-an-alaya-staldy-971823)