---
title: "Шүменов – Хопкинс: Көз арбасу рәсімі"
description: "Кеше Нью-Йоркте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақтың қ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-13T21:49:14+00:00"
modified: "2014-03-13T21:49:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-menov-hopkins-k-z-arbasu-r-simi-405150"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-menov-hopkins-k-z-arbasu-r-simi-405150/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шүменов – Хопкинс: Көз арбасу рәсімі

> Кеше Нью-Йоркте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақтың қ...

[!\[Шүменов – Хопкинс: Көз арбасу рәсімі\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/photo_2492-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/photo_2492.jpg)

Кеше Нью-Йоркте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақтың қайыс қолғапты қыраны Бейбіт Шүменовтің кезекті жекпе-жегіне байланысты баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды [Tengrinews.kz](http://kaz.tengrinews.kz/). Бейбіттің 19 сәуір күні Американың 49 жастағы, есімі төрткүл дүниеге мәшһүр тарланбозы Бернард Хопкинспен қолғап түйістіретінін білесіздер. Ол – IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Нью-Йоркте өткен баспасөз жиынында кәсіпқой бокстың дәстүріне сай екі боксшы бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көздерімен арбасты. Әу баста бұл жекпе-жек Нью-Йорктегі Бруклинде өтеді деп айтылған. Бірақ Шүменов пен Хопкинс Вашингтонда шаршы алаң көрігін қыздыратын болыпты. 30 жастағы қазақ боксшысы шетелдік журналистерге, атап айтқанда, Ringtv.com тілшілеріне берген сұхбатында былай депті: – Хопкинс – кәсіпқой бокс тарихындағы ең үздік чемпиондардың бірі. Мен Бернард секілді атақты һәм даңқты боксшымен әлі кездескен емеспін. Бұл менің ең ауыр жекпе-жегім болады. Мен оның айқастарын зерттеп, саралап жүрмін. Әр жолы мен оның өнерінен тың бірдеңе байқаймын. Бернардпен айқасқанда шектен тыс сақ болу керек, ол кездейсоқ қимыл-әрекет жасап отырады. Ол кез-келген стильді қолдана алады. Маған ерен боксшымен болатын жекпе-жеккке дайындалу керек

.

Осы жердесіз: [Негізгі бет](http://kaz.tengrinews.kz/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/sports/) » [Бокс](http://kaz.tengrinews.kz/boxing/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-menov-hopkins-k-z-arbasu-r-simi-405150](https://yvision.kz/kk/post/sh-menov-hopkins-k-z-arbasu-r-simi-405150)