---
title: "«Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы»"
description: "2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Ш..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2019-02-18T08:35:45+00:00"
modified: "2019-02-18T08:35:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-ken-aymanov-aza-kinosyny-sa-la-y-826570"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-ken-aymanov-aza-kinosyny-sa-la-y-826570/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы»

> 2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Ш...

2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Шараға № 9 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толды. Қазақстан тарихына танымал актер, театр және кино режиссері, ұлттық кино өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде танымал тұлға. Бала Шахкәрімнен - «қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановқа дейінгі өмірімен, КСРО Халық әртісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылық өмір жолымен танысты. Осы іс-шара жас ұрпаққа қазақ кино өнеріне, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйсіспеншіліктерін арттыру деген мақсатымен өтті. Балалар іс-шараға дайындаған кітап көрмесімен танысты. https://photos.app.goo.gl/i3MBy1Cq7gsdX7sb6

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-ken-aymanov-aza-kinosyny-sa-la-y-826570](https://yvision.kz/kk/post/sh-ken-aymanov-aza-kinosyny-sa-la-y-826570)