---
title: "Үш елдің полициясы интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі..."
description: "Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру..."
author: "orazali"
published: "2024-04-29T04:23:29+00:00"
modified: "2024-04-29T04:24:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-policiyasy-internet-alaya-ty-a-atysy-bar-eki-trans-ltty-ylmysty-topty-reketine-tos-auyl-oydy-1004073"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-policiyasy-internet-alaya-ty-a-atysy-bar-eki-trans-ltty-ylmysty-topty-reketine-tos-auyl-oydy-1004073/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үш елдің полициясы интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі...

> Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру...

*Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/4aca0f53489cca4d2f9af893ec8963.jpg)

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтаған.

"Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – дейді Әлекешев.

Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылған. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысыпты. Мұнда 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм “метадон” препараты тәркіленді. "Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу және жедел іздестіру амалдары жалғасуда, – дейді ІІМ ресми өкілі.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/3bb6470f8c05ba898b7c8af17e70a9.jpg) Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-policiyasy-internet-alaya-ty-a-atysy-bar-eki-trans-ltty-ylmysty-topty-reketine-tos-auyl-oydy-1004073](https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-policiyasy-internet-alaya-ty-a-atysy-bar-eki-trans-ltty-ylmysty-topty-reketine-tos-auyl-oydy-1004073)