---
title: "Үш елдің компаниялары полиэтилен зауытын салу жобасын..."
description: "«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ресейлік «СИБУР» және қытайлық Sinopec Атырау облысында полиэтилен зауытын салу жобасын талқылады. ФОТО : Shutterstock/FOTODOM Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығаруы керек. «Күш біріктіру арқылы..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-18T10:23:25+00:00"
modified: "2024-04-18T10:23:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-kompaniyalary-polietilen-zauytyn-salu-zhobasyn-pysy-tady-1003660"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-kompaniyalary-polietilen-zauytyn-salu-zhobasyn-pysy-tady-1003660/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үш елдің компаниялары полиэтилен зауытын салу жобасын...

> «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ресейлік «СИБУР» және қытайлық Sinopec Атырау облысында полиэтилен зауытын салу жобасын талқылады. ФОТО : Shutterstock/FOTODOM Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығаруы керек. «Күш біріктіру арқылы...

*«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ресейлік «СИБУР» және қытайлық Sinopec Атырау облысында полиэтилен зауытын салу жобасын талқылады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/14d53cf5b839731cc68d456ab66d00.jpg) ФОТО : Shutterstock/FOTODOM

Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығаруы керек.

«Күш біріктіру арқылы Қазақстандағы ең ірі газ-химия жобасын жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін», - деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Кәсіпорын Қарабатандағы Арнайы экономикалық аймақтың аумағында, Теңіз кен орнының жанында салынады. Құрылысын осы жылдың екінші жартысында бастау жоспарланған. Жоба құны – 7,7 млрд доллар.

Үш елдің «Силлено» (полиэтилен өндірісі жөніндегі жобаның операторы) компаниясындағы үлестері мынадай болмақ: «ҚазМұнайГаз» – 40%, Sinopec – 30%, «СИБУР» – 30%.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-kompaniyalary-polietilen-zauytyn-salu-zhobasyn-pysy-tady-1003660](https://yvision.kz/kk/post/sh-eldi-kompaniyalary-polietilen-zauytyn-salu-zhobasyn-pysy-tady-1003660)