---
title: "Үш аймақта жолдар жабылды: елде ауа райы асау мінез танытып жатыр"
description: "Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қай жерлерде жол жабылғаны белгілі болды. Фото:..."
author: "orazali"
published: "2024-01-22T03:44:06+00:00"
modified: "2024-01-22T03:44:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-ayma-ta-zholdar-zhabyldy-elde-aua-rayy-asau-minez-tanytyp-zhatyr-1000126"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-ayma-ta-zholdar-zhabyldy-elde-aua-rayy-asau-minez-tanytyp-zhatyr-1000126/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үш аймақта жолдар жабылды: елде ауа райы асау мінез танытып жатыр

> Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қай жерлерде жол жабылғаны белгілі болды. Фото:...

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қай жерлерде жол жабылғаны белгілі болды.

![Үш аймақта жолдар жабылды: елде ауа райы асау мінез танытып жатыр](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/a62facb03ceef6a6d467bdffe6bdb7.jpg)

Фото: tengrinews.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағылар еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Атырау облысында — 1 учаске «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 шақырымы, Атырау қаласы — Жұмекен ауылы арасы. Жетісу облысында — 1 учаске «Үшарал-Достық» жолының 84-184 шақырымы, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында — 3 учаске «Атырау-Орал» 375-492 жолының шақырымы, Чапаев кенті — Орал қаласы арасы, 117 шақырым. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 шақырымы, Чапаев кенті — Қазталов кенті арасы, 213 шақырым. «Атырау-Орал» жолының 189-371 шақырымы, Атырау облысы шекарасы — Чапаев кенті арасы, 182 шақырым. Айта кетейік, жолдарды жабуға жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр себеп болып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-ayma-ta-zholdar-zhabyldy-elde-aua-rayy-asau-minez-tanytyp-zhatyr-1000126](https://yvision.kz/kk/post/sh-ayma-ta-zholdar-zhabyldy-elde-aua-rayy-asau-minez-tanytyp-zhatyr-1000126)