---
title: "Үш адамның өліміне себепкер болған автобус жолаушысына..."
description: "Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы Дархан Ахметжановқа қатысты сот үкімі шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-26T12:28:28+00:00"
modified: "2024-04-26T12:29:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-adamny-limine-sebepker-bol-an-avtobus-zholaushysyna-atysty-sot-kimi-shy-ty-1004035"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sh-adamny-limine-sebepker-bol-an-avtobus-zholaushysyna-atysty-sot-kimi-shy-ty-1004035/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үш адамның өліміне себепкер болған автобус жолаушысына...

> Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы Дархан Ахметжановқа қатысты сот үкімі шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің...

*Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы Дархан Ахметжановқа қатысты сот үкімі шықты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/205529c9b1b4c7f632c73b8e049079.jpg)

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабының 3-бөлігі және 293-бабының 1-бөлігі бойынша Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, Ахметжанов марқұм Айдос Құсайыновтың әйелі Айнұр Құсайыноваға 6 393 250 теңге материалдық өтемақы, 5 млн теңге моральдық өтемақы, адвокаттың қызметі үшін 250 мың теңге, ал әке-шешесінен айырылған Ерасыл Байдуәлиевке 10 млн теңге моральдық өтемақы, адвокаттың қызметі үшін 200 мың теңге төлеуге міндеттелді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/df39cd59aa5487ef079bb7eb07b5bf.jpg)

Жантүршігерлік оқиға өткен жылы желтоқсан айында болған еді. Алматыдағы № 47 бағыттағы автобуста Дархан Ахметжанов жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Соның салдарынан әйел есінен танып, көлікті тізгіндей алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өтеді. Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті. Көз жұмғандардың екеуі ерлі-зайыпты мұғалімдер еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sh-adamny-limine-sebepker-bol-an-avtobus-zholaushysyna-atysty-sot-kimi-shy-ty-1004035](https://yvision.kz/kk/post/sh-adamny-limine-sebepker-bol-an-avtobus-zholaushysyna-atysty-sot-kimi-shy-ty-1004035)