---
title: "Сезім сыры «Аласұрды, менің көңілім, борандай»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Аласұрды, менің көңілім, борандай, Бұл сезімге, қырау түсті, ойла..."
author: "Aikosmuz"
published: "2013-12-03T05:31:24+00:00"
modified: "2013-12-03T05:32:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sezim-syry-alas-rdy-meni-k-ilim-boranday-387877"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sezim-syry-alas-rdy-meni-k-ilim-boranday-387877/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сезім сыры «Аласұрды, менің көңілім, борандай»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Аласұрды, менің көңілім, борандай, Бұл сезімге, қырау түсті, ойла...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

 

Аласұрды, менің көңілім, борандай,

Бұл сезімге, қырау түсті, ойланбай.

Шақырсам да, кете бердің, тоқтамай,

Бәрі есімде, оралмайтын, күндер ай.

 

Бар сенімім, енді сенде, ақ қысым,

Мазамды алды ау, кеудемдегі, намысым.

Бұл ақ қармен, келер ме екен бақ құсым?

Жанар ме екен, аспандағы жұлдызым?

 

Жүрегімнің, дүрсіліне бағындым,

Бір көрейінші, ең болмаса, сағындым.

Ақшақарға, үміт құрып, талпындым,

Тыным таппас, енді менің бұл жаным.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sezim-syry-alas-rdy-meni-k-ilim-boranday-387877](https://yvision.kz/kk/post/sezim-syry-alas-rdy-meni-k-ilim-boranday-387877)