---
title: "Сезім сырлары"
description: "Кенет көңілі босап, терең демің алып күрсінді. Неге дейтін шығарсыз? Ол жабыққан сәтте демеу болар ж..."
author: "Zhuldyzay_kalieva"
published: "2017-04-16T23:20:22+00:00"
modified: "2017-04-16T23:20:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sezim-syrlary-763752"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sezim-syrlary-763752/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сезім сырлары

> Кенет көңілі босап, терең демің алып күрсінді. Неге дейтін шығарсыз? Ол жабыққан сәтте демеу болар ж...

Кенет көңілі босап, терең демің алып күрсінді. Неге дейтін шығарсыз? Ол жабыққан сәтте демеу болар жанды жер бетінен кездестіре алмады. Жүрегінде мейірім мен махаббат толы пендені толық көрген емес. Саф алтындай сабырлықпен сырды сақтап, сенім артқан сезімді сандығына сыйдыра алмай, сан тарапқа сандалтқан кісі сымақтарды көрген сәтте қалайша күйінбей жай ғана отырады?! Өзің айтшы, не істер едің? Эхх, жаным, күйінгеннен не пайда дейсің ғой! Ия, оның рас. баяғы көңіл қалыпқа келмесе, секемшіл болған сезімі бал арманға шөлдесе, өткенді өзгерте алмай өзегі өртеніп, өкініштің отына күйінгенінен басқа амалы жоқ. Ауыр тиеді, жанына батады, өткеннің жалған жалыны жарасын қайта тырнап, ашыта түскен сәтте өзің тұмсықтылардың тұтқынына айналған қорғансыздың бірі ретінде санайды екен. Қиын... Қанша қиналғанымен тағдырдың талғамсыз берілген сыйына төзімділік танытып тағы да таңды атырып, күнді батырып жүре берді. Себебі, оның жұдырықтай жүрегінде үлкен үміт болды. Тек қана үміт.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sezim-syrlary-763752](https://yvision.kz/kk/post/sezim-syrlary-763752)