---
title: "Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз"
description: "Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз.📷Пленарлық отырыс барысында сөз сөйлеген медиаволо..."
author: "Районный филиал партии \"AMANAT\""
published: "2022-07-13T06:31:10+00:00"
modified: "2022-07-13T06:31:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sezde-s-z-s-ylegen-spikerlerimizge-sholu-zhasaymyz-971233"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sezde-s-z-s-ylegen-spikerlerimizge-sholu-zhasaymyz-971233/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз

> Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз.📷Пленарлық отырыс барысында сөз сөйлеген медиаволо...

Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз.

📷Пленарлық отырыс барысында сөз сөйлеген медиаволонтер Диас Камериданов партияға барлық тарихи құжаттар мен деректі фильмдер қазақ және ағылшын тілдерінде цифрландырылатын «Tarih» бірыңғай платформасын әзірлеуді ұсынды.

![Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз](https://storage.yvision.kz/images/user/443239/0e7167975bf8db63f8912e833cb0b7.jpg)

📷Партия жастар қанатының Алматы қалалық филиалының волонтері Ариана Белобжицкая еріктілердің 100 мектебін қамтитын Волонтерлер академиясын құруды ұсынды.

📷Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде әскери қызметте болған ақтөбелік Ұлан Мырзабайдың айтуынша, Отан қорғау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

![Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз](https://storage.yvision.kz/images/user/443239/9463902703f3217dcee9b3beca0302.jpg)

📷Жылқышы, информатика пәнінің мұғалімі

Асыл Ахметова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы қазақ даласында ұйымдастыруды ұсынды.

📷Сондай-ақ, қоғам қайраткері Дәулет Мұқаев Съезд делегаттары мен қонақтарын «Ақылды жас Азамат» және «AQYL BATTLE» жобалары туралы хабардар етті.

📷ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов партияның жастар қанатының атауын өзгертуді ұсынды.

📷«Рух – халқымыз үшін киелі құндылықтарды білдіретін ұғым. Жаңартылған жастар қанаты жас ұрпақтың мүдделерін шын мәнінде қорғауы тиіс», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

📷Соңғы болып «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Мақсат Толықбай партия атауын өзгерту туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

#AMANAT #Жастаррухы #VIсъезд

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sezde-s-z-s-ylegen-spikerlerimizge-sholu-zhasaymyz-971233](https://yvision.kz/kk/post/sezde-s-z-s-ylegen-spikerlerimizge-sholu-zhasaymyz-971233)