---
title: "Әсет Сисенов: Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңалығы көп"
description: "Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Әсет Сисенов және «Жалында» би ансамбліні..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-13T20:08:00+00:00"
modified: "2015-07-20T07:09:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/set-sisenov-tahaui-ahtanov-atynda-y-a-t-be-oblysty-drama-teatryny-zha-aly-y-k-p-523292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/set-sisenov-tahaui-ahtanov-atynda-y-a-t-be-oblysty-drama-teatryny-zha-aly-y-k-p-523292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әсет Сисенов: Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңалығы көп

> Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Әсет Сисенов және «Жалында» би ансамбліні...

![Әсет Сисенов: Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңалығы көп](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/ecCyHOc413lzxNTrUiYQBVrZjJp1F4.jpg)

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Әсет Сисенов және «Жалында» би ансамблінің мүшелері Аялы Бақытбек пен Амина Латиф бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен Әсет Сисенов: «Бүгінде театрымызда жаңалық көп.

Биылдың өзінде 4 ірі спектакль, 2 балаларға арналған қойылым қойып, Ялтада, Бішкекте өтетін фестивальдерге жолдама алдық. Театр жас актерлер мен режиссерлерге де толығып келеді»,-дейді. Халықаралық «BRAVISSIMO» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі-сайысында екінші орынды иеленген жас бишілер алғашқыда қобалжып, билей алмай қаламыз ба, деп жүрексінгендерін айтады.

Бірі әнші, бірі биші болғысы келетін екі өреннің «Әдемі-ай» биін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/set-sisenov-tahaui-ahtanov-atynda-y-a-t-be-oblysty-drama-teatryny-zha-aly-y-k-p-523292](https://yvision.kz/kk/post/set-sisenov-tahaui-ahtanov-atynda-y-a-t-be-oblysty-drama-teatryny-zha-aly-y-k-p-523292)