---
title: "Сессия жабылып, Парламент каникулға кетті"
description: "Бүгін Парламенттің қос палатасының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Онда де?..."
author: "orazali"
published: "2024-06-28T06:05:14+00:00"
modified: "2024-06-28T06:05:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sessiya-zhabylyp-parlament-kanikul-a-ketti-1006067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sessiya-zhabylyp-parlament-kanikul-a-ketti-1006067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сессия жабылып, Парламент каникулға кетті

> Бүгін Парламенттің қос палатасының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Онда де?...

*Бүгін Парламенттің қос палатасының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Онда депутаттар атқарылған жұмысты қорытындылады. Сөйтіп, VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясы жабылды.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/1197f8f4a1c1fbde8c31bfd15987862c.jpg)

*Фото: egemen.kz*

«Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өтті. Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық.

Біздің жұмысымызда сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сессияда Парламент депутаттары 800-ге жуық елдімекенді аралап, 2000-ға жуық кездесу өткізді. Сессия барысында Сенат пен Мәжіліс депутаттары Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға 727 депутаттық сауал жолдады», – деді соңғы сессияны қорытындылаған сөзінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sessiya-zhabylyp-parlament-kanikul-a-ketti-1006067](https://yvision.kz/kk/post/sessiya-zhabylyp-parlament-kanikul-a-ketti-1006067)