---
title: "Сержанттармен болған сабақ"
description: "«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің 37 бөлімше командирі тартылған сержанттар ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-03-27T00:51:26+00:00"
modified: "2013-03-27T00:51:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serzhanttarmen-bol-an-saba-344081"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serzhanttarmen-bol-an-saba-344081/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сержанттармен болған сабақ

> «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің 37 бөлімше командирі тартылған сержанттар ...

![Сержанттармен болған сабақ](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/270313/1.jpg)

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің 37 бөлімше командирі тартылған сержанттар құрамының дайындық курсы аяқталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты сержанттар құрамының әдістемелік және тәжірибелік дағдысын арттыру, жеке құрамға жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар жүргізудің сапасын жетілдіру болып табылады.

Сабақтар барысында сержанттар жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіпке қатысты мәселелерді талқылап, күнделікті қызметтегі тәжірибелерін алмасты. Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу бойынша офицерлік құраммен өзара іс-қимылды талқылауға айрықша көңіл бөлінді.

Оқыту кезінде сержанттар арасында рольдік сабақтар жүргізілді. Мысалы, бағынысындағылар арасында қақтығыс бола қалған жағдайда сержанттардың шешім қабылдау тәжірибесі пысықталдды.

– Бұл секілді сабақтар сержанттар құрамының жоғары моралдық-жауынге рлік, психологиялық, ұйымдастырушылық сапасын қалыптастыру үшін жүргізіледі. Бұл тәжірибелердің барлығы сержанттардың күнделікті қызметінде сәтті пайдаланулары үшін қажетті, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының штаб-сержанты Бекболат Тұрсынбаев.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serzhanttarmen-bol-an-saba-344081](https://yvision.kz/kk/post/serzhanttarmen-bol-an-saba-344081)