---
title: "Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға)"
description: "Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға) Барлығымыз қаламыздағы қызмет көрсету саласының дамып же..."
author: "bota88"
published: "2014-03-11T04:14:13+00:00"
modified: "2014-03-13T06:27:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/servisti-zha-sartu-a-3-adam-t-tynushylar-a-404275"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/servisti-zha-sartu-a-3-adam-t-tynushylar-a-404275/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға)

> Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға) Барлығымыз қаламыздағы қызмет көрсету саласының дамып же...

Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға)

Барлығымыз қаламыздағы қызмет көрсету саласының дамып жетілгенин қалаймыз: дүкен, дәмхана, халыққа қызмет көрсету орталықтары заман талабына сай болсын дейміз. Сауда орталықтарында қызмет көрсету деңгейі жоғары, тез, сапалы болғанын күтеміз.

Бүгінгі таңда сервис қандай күйде? Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапалы болу үшін не қажет? Әрине, мемлекет тарапынан тұтынушылардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету аса маңызды. Тұтынушыларды тауарды сатып алуға ынталандырудың амал - жолдарын iздестiрiп, маркетинг мамандарының көмегіне жүгінетин сауда орталықтар иелері де аз емес. Тiпті, сауда орын иелері, қызметкерлері арасында арнайы HR мамандары шакырылып, "керек тауарды таңдауға көмектесу (консалтингттик көмек)","мәдениетті сөйлесу", "өзін - өзі дұрыс ұстау" деген сияқты тренингтер откiзiлiп отырады.

Ал осы мақсатқа жету үшін тұтынушылардың колынан не келеді?

1. Артық болмас білгенің. Өзіңіздiн құқықтарыныз бен міндеттерінiздi бiлiнiз. Республикамыздын тұтынушыларға қатысты заңнамалармен танысыңыз.

2. Сұрауына карай жауабы. Дүкенде, не болмаса, дәмханада, кинотеатрда, банкте, және т.б. қызмети көрсету орындарында сөзіңізді жайдары жүзбен, сәлемдесуден бастаған жөн. Қаншалықты шаршап тұрсаңыз да, "тегін алып тұрғам жоқ" деген жүзіңiз болмауы абзал.

3. Билгенге маржан. Сатып алуга жоспарланатын тауар туралы мәліметтер жинастырыныз. Ар нәрсе туралы мағлұматты болуга тырысыңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/servisti-zha-sartu-a-3-adam-t-tynushylar-a-404275](https://yvision.kz/kk/post/servisti-zha-sartu-a-3-adam-t-tynushylar-a-404275)