---
title: "«Серпіннің серпілісі» саяхаты"
description: "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орт..."
author: "CRMI"
published: "2016-09-29T05:46:37+00:00"
modified: "2016-09-29T22:59:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpinni-serpilisi-sayahaty-714535"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpinni-serpilisi-sayahaty-714535/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Серпіннің серпілісі» саяхаты

> Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орт...

Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» тағы бір жобасы «Серпін серпілісі». Осы жолғы саяхат «Серпін 2050» бағдарламасымен Павлодар облысында білім алып жүрген студенттеріне арналды.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/m6762ZLRQTSIot8Rht0lM8VWE7p53j.jpg)

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін- 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

• Бағдарламаның мақсаты – еңбек ресурстарының артықшылығы бар еліміздің оңтүстік өңірінің (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғытау облыстары) жастарын, кадрлар жетіспей отырған аймақтарда - шығыс, батыс және солтүстік Қазақстанда оқытып, жұмысқа орналастыру.

• «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ZcLWW4I0d4jkZtCnw5CqGy1bWl0aq0.jpg)

• Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік елжастары -индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.

• «Серпін-2050» – жарқын болашақ бағдарламасы. Бұл бірегей бағдарлама мыңдаған жігіттер мен қыздарға Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстанның колледждері мен ЖОО-да сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

• Бағдарлама бойынша сыйақы төленеді, жатақхана беріледі, оқу орынын бітірген соң жұмысқа орналастыру қарастырылған.

• «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасын табысты іске асыру үшін Мұрат Әбенов басшылық ететін Республикалық үйлестіру орталығы құрылды деседі.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/1O720sV0kv0R91I3wFd9spt12mSZVA.jpg)

Бүгінде Павлодар облысында 1000 аса студенттер білім алуда. Жастар бастамаларының ұйымдастыруымен серпіндік студенттер Павлодар облысының қалалары мен аудандарымен танысуға мүмкіндік алды. Осы жолғы саяхаттың бағыты Екібастұз қаласымен Баянауыл ауданы.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/UveN293tNPj4ApVRBnpc8E639d3c38.jpg)

27 қыркүйек сағат 08.00 де Жастар орталығынан 50 студенттер Екібастұз қаласына аттанды. Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Раушан Зайкенқызы бастаған орталық ұжымы қарсы алып, қалалық "Достық үйін" аралаумен басталды. "Достық үйінің" ұжымы қонақжайлық танытып, қызықты мағлұматтармен бөлісті. Қалалық өлкетану мұражайында да студенттер өздеріңе керекті,тарихи мәліметтерді алды.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/6oB0806ae7Qik5o1H5uEt4kxUdNees.jpg)

М. И. Глинка атындағы музыка мектебі серпіндіктерге таңдай қақтырды. Замаңға сай талаптарымен жабдықталған бұл мектепте 580 талантты бала оқып жатыр. Бес бөлмеде 52 педагог-музыкант он мамандық бойынша сабақ береді. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде Екібастұзда жастардың мәдени және рухани дамуы үшін мүмкіндіктер кеңінен қарастырылған. Бұл музыка мектебін тұрғындар кіші консерватория деп атап кеткен. Студенттерге "Қайнар" балалар шығармашылығын дамыту орталығының жұмыстары таныстырылды.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ze81kbX8RElIGQqf1YJ25dEne495oI.jpg)

Серпіннің студенттерінің келесі аялдамасы Баянауыл ауданы болды. Кеш бата жеткен студенттер «Жас-дәурен» оқу-сауықтыру орталығына жайғасты. Екінші күні таңертең серпіндіктер Шәкен Айманов атындағы мектеппен танысып, Академик Қ.И.Сәтпаевтың мұражайында қонақ болды.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/IbbRBGoaVn9b59T9N5j9u9e2P7N5Rc.jpg)

Түстен кейін «Серпіннің серпілісі» саяхатын «Жастар орталығы» КММ мен Жас Отан «Жастар қанатының» төрағасы Рахимтаев Ержан Бақтыбайұлы Жасыбай демалыс орындарында саяхатты жалғай түсті. Екі күнге созылған саяхат өз мәресіңе жетіп, студенттер қимастықпен қоштасты.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/UZvHxovHgE21e7bmJZlRWpjYJr6rTL.jpg)

«Ұйымдастырушыларға өзіміздің алғысымызды білдіреміз! Біздің басымызды біріктіріп, жағдайымызды жасап, естен кетпес саяхат ұйымдастырғандарыңызды біз ешқашан ұмытпай, қайда жүрсекте айтып жүретін боламыз! Серпіннің жағылған алауын өшірмей жүреміз. Жаңа достармен танысқаныма қуаныштымын», дейді саяхат қатысушысы Сымбат Нартбаева.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/YF313APK1duXyWfGzIBqeIhZ1URTkJ.jpg)

Естеріңізде болса, "Тұлға жолы" жобасы аясында "Әлихан жолы" саяхатымен Павлодарлық жастар жарты қазақстанды аралағанды. Бүгінде серпіндіктердің басын қосып, Кереку өңірімен таныстыру мақсатында "Серпін серпілісі" саяхатын жүзеге асырып жүрген жоба жетекшісі Ғабит Хафиз.

- "Серпін 2050" бағдарламасымен оқып жүрген студенттер ертеңгі күні білім ордаларын бітірген соң, өңірімізде қызмет атқарып, тұрақтап қалу мәселесі мені алаңдатады. Сол себепті Керекудің әлеуметтік-экономикалық нысандарын, маңызды орындарын көрсетуді жөн көрдік. Бүгінгі серпіндіктер ертең қолдарына диплом алған соң, біз саяхаттаған жерлерде қызмет атқарулары әбден мүмкін",-дейді Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы Ғабит Хафиз.

![«Серпіннің серпілісі» саяхаты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/dEv5uOyTYcGvYLRwQ54rkh6BbbI66f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serpinni-serpilisi-sayahaty-714535](https://yvision.kz/kk/post/serpinni-serpilisi-sayahaty-714535)