---
title: "Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалі өтуде"
description: "«Мәңгілік ел жастары- индустрияға»- «Серпін 2050 » мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысы..."
author: "CRMI"
published: "2016-10-24T06:42:09+00:00"
modified: "2016-10-24T22:47:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpindik-studentter-arasynda-alaman-festivali-tude-720857"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpindik-studentter-arasynda-alaman-festivali-tude-720857/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалі өтуде

> «Мәңгілік ел жастары- индустрияға»- «Серпін 2050 » мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысы...

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға»- «Серпін 2050 » мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысында білім алушы жастар арасында облыстық «Аламан» фестивалі өтуде. Фестиваль мақсаты- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар белсенділігін арттыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін арттыру, олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/OLt1h08R8weC0W6QdWZJzxe0T054aE.jpg)

24 қазан күні Павлодар химия-механикалық колледжінде «Аламан» фестивалінің «Мамандығым мақтанышым» байқауы өтті. Байқауға әр қатысушы өзінің жазып әкелген эссесің оқып, қорғады. Агрономия саласы, мал шаруашылығы, заманауи техникадағы түрлі-түрлі өзекті тақырыптар қозғалды. Іс-шара қортындысы: І орынды Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Өміржанова Талшын қанжығасына байласа, ІІ орынды Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенті Тұңғышбай Сейітжанға бұйырды. Ал, ІІІ орынға Красноармейка аграрлық - техникалық колледжінің студенті Абдулла Баянсұлу ие болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/LUoWQeFFk1Euqul1QMnF62EK3Iv7VQ.jpg)

Сондай-ақ, «Аламан» фестивалі аясында Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Мені шыңдаған – Серпін» атты байқауы өткізілді. Байқауға «Серпін – 2050» бағдарламасына қатысатын 7 оқу орны қатысты. Олар Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар бизнес колледжі, Павлодар көлік және комуникация колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Красноармейка аграрлық - техникалық колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Палодар химия -механикалық колледжі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/MTu4u1XuE3t1B5Vy4NPeE28Q4cZbm4.jpg)

Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, бүгінгі байқаулардың әділқазы төрағасы Ғабит Хафиздың айтуынша, білім алушы серпіндіктер бұл фестивальге ерекше ынтамен дайындалады.

-Әр оқу орны өздері алдын ала дайындаған бейне түсірілімін және фото суреттерін интерактивті тақтады көрсетіп, жұмыстарымен таныстырды. Әрі республикалық кезеңге дайындықтары жоғарғы деңгейде- дейді Ғабит Хафиз.

Байқаудың нәтижесіне тоқталсақ: І орынды Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері жеңіп алса, ІІ орынды Павлодар технологиялық колледжінің студенттері жеңіске жетті. ІІІ орынға Павлодар бизнес колледжі және Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі ие болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serpindik-studentter-arasynda-alaman-festivali-tude-720857](https://yvision.kz/kk/post/serpindik-studentter-arasynda-alaman-festivali-tude-720857)