---
title: "«Серпін серпілісі» Петропавлда!"
description: "Солтүстік Қазақстанның бұл өңірінде Серпін бағдарламасымен 1191 студент оқып жатыр. Павлодардан келг..."
author: "CRMI"
published: "2017-10-12T02:51:40+00:00"
modified: "2017-10-12T02:51:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpin-serpilisi-petropavlda-781436"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpin-serpilisi-petropavlda-781436/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Серпін серпілісі» Петропавлда!

> Солтүстік Қазақстанның бұл өңірінде Серпін бағдарламасымен 1191 студент оқып жатыр. Павлодардан келг...

Солтүстік Қазақстанның бұл өңірінде Серпін бағдарламасымен 1191 студент оқып жатыр. Павлодардан келген қонақтарды Петропавлдың жалындаған жастары Абылай ханның резиденциясында қарсы алды. Үш жүздің басын қосқан, ұлтының ұлы тұлғасы болған ханның өмір тарихымен танысқан серпіндіктерді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті күтіп тұрды. Бұл оқу орнында 866 серпіндік білім алып жатыр.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/6yS5kk74iJF8zXO55L20ky77gUhR3N.jpg) Университет қабырғасында бізді Солтүстік Қазастан облысы əкімдігінің жастар саясаты мəселелері жөніндегі басшысы Тухватулина Ирина Наилевна қарсы алып, жобамыздың маңыздылығына тоқталып кетті: "Мен сіздермен Мағжан Жұмабаев, Сəбит Мұқанов туған, Абылайдың аяғы тиген, Айғанымның көзін көрген жерде жүздескеніме аса қуаныштымын. Əріптесім Ғабит Хафиз бастаған бұл жоба арқылы Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасын жастар қос қолдап қолдайтынына жəне Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облысының жастары тығыз байланыс орнатып, өңіраралық даму жолында үлкен үлес қосады деп есептеймін. - деді.

Өз кезегінде Ғабит Құрметбекұлы петропавлдықтарға алғысын білдіріп, бұл жобаны енді осы өңірлер де жалғастырса нұр үстіне нұр боларын ескерді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мұражайымен, абсервоториясымен, жаңа ашылған бассейнімен танысқан жастар көп əсер алды. Іс - шара қазақ тілі жəне əдебиет кафедрасының өнерпаз студенттері ұйымдастырған концерпен аяқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serpin-serpilisi-petropavlda-781436](https://yvision.kz/kk/post/serpin-serpilisi-petropavlda-781436)