---
title: "«СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық"
description: "Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойын..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-28T21:10:38+00:00"
modified: "2016-04-28T21:10:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpin-2050-zhastaryna-memlekettik-yzmet-esigi-ashy-691245"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serpin-2050-zhastaryna-memlekettik-yzmet-esigi-ashy-691245/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық

> Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойын...

![«СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/O2rV9nyO45AkiDMx96E3F55H9ktV6R.jpg)

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин облыстық Жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен өткен «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесуге қатысты.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың бірі болып табылады. Аталмыш жоба Мәңгілік ел жастарын мемлекеттің дамуы жолына барынша жұмылдыру мақсатында іске қосылып, еліміздің түпкір-түпкірінде көптеген жас лайықты білім алуға мүмкіндік алды.

![«СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/xZthU0CPG2wGGZ3NpeVaP28We46a68.jpg)

Кездесуге мұрындық болған Жастар бастамалары орталығы жастарды қолдау секторының нұсқаушысы Бауыржан Мұстафин, шараның мақсаты – студенттердің оқу жағдайын білу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оларды адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамдық өмірге баулу болып табылатындығын айтты.

2015-2016 оқу жылында «Серпін» жобасы бойынша өңірімізде орналасқан М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына еліміздің түрлі аймақтарынан жалпы саны 300 студент білім алуға жолданған. Олардың ішінде «Білім», «Техникалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» бағыттары бойынша мамандықтарға арнайы мемлекеттік гранттар табыс етілген.

![«СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/MaN5y7wMrXHF4ZAvv8k1WWzVD2zzq1.jpg)

Білімдерін шыңдаған түлектер еңбек жолын таңдаған кезде мемлекеттік қызмет саласынан да біршама хабардар болулары үшін Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұрлан Жахин мемлекеттік қызмет саласының ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

«Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жаңа бағытқа бағдарланған мемлекеттік қызмет саласы - ашық конкурстық іріктеу, қызметшінің біліктілігіне қарай мансаптық жоғарылату, нәтижеге сай еңбекақы төлеу негізінде меритократия қағидаттарын ұстануға көзделген. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің беделі артып, қатарымыз қалыңдауда. Сондықтан ниет білдірген түлектерге есігіміз әрдайым ашық. Алып жатқан білімдеріңіз өмірлеріңізге оң серпін беретіндігіне сенімдімін»,- деді Нұрлан

![«СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/bE3q9qvG5P4Y1o2YG5AMcrvzgF0t3y.jpg)

Жахин.

Жалпы іс-шараға үш жүзден астам студент қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serpin-2050-zhastaryna-memlekettik-yzmet-esigi-ashy-691245](https://yvision.kz/kk/post/serpin-2050-zhastaryna-memlekettik-yzmet-esigi-ashy-691245)