---
title: "Серік Ибрагимов — Қазақпыз бәріміз сөзі"
description: "Серік Ибрагимовтың 2016 жылғы су жаңа әні! \"Қазақпыз бәріміз\" әнінің сөзі Алтай мен Атыраудың арасы..."
author: "inkut"
published: "2016-04-10T13:03:31+00:00"
modified: "2016-04-11T13:16:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-ibragimov-aza-pyz-b-rimiz-s-zi-688449"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-ibragimov-aza-pyz-b-rimiz-s-zi-688449/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серік Ибрагимов — Қазақпыз бәріміз сөзі

> Серік Ибрагимовтың 2016 жылғы су жаңа әні! "Қазақпыз бәріміз" әнінің сөзі Алтай мен Атыраудың арасы...

**Серік Ибрагимовтың 2016 жылғы су жаңа әні!**

**"Қазақпыз бәріміз" әнінің сөзі**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/NdwDqGopKaZkFK9a0y86f3grFzxdAg.jpg)

Алтай мен Атыраудың арасында

Есіл мен Жайық, Каспий жағасында

Ән салып бар қазақтың даласында

Өссін мерейің енді!

***

Қазағым таусылмайтын жыр емес пе?

Әр елдің салты басқа, тілі ерекше

Байқадым ән салып жүріп бүгін ерекше

Шырқап берейін енді!

***

Ордалы Оңтүстік бәрі бар О яқта

Беймарал жүремін болсамда қаяқта

Бұяқта бәріміз әпшем мен көкем ғой

Өлә деп қалжыңдап

Ән салып кетемін ғой!

***

Жетісу шалқып шалқып жетсе дейді

Оңтүстік қонақ болып өтсе дейді

Шоқ шоғынан қыстырып кетсе дейді

Жаса ордалы елім!

***

Батысқа не хабар деп келемін ғой

Ай, сау, бош дейтін жұртты көремін ғой

Өнерің үстей берсін, дегенім ғой

Жаса батысым менің!

***

Батысым не зат деп қарайсың бәріне

Құлақ салып тыңдашиш

Сау болшы деп әніме

Өзіңде, сөзіңде айналған сәніме

Ризамын ағайын, тумалас бәріңе!

***

Жә, кеттік алда Алтай, Шығысым бар

Тарылмас немене тегі тынысым бар

Шығыста шалқып шатқан ырысым бар

Жаса Шығысым менің!

***

Аязы тоңдырар деп құлағымды

Ақырын тартып кидім тұмағымды

Арнадым тағы өзіңе жыр әнімді

Жаса Арысым менің!

***

Күлімдеп, күн шыққан Шығысым емес пе?

Шоян болып тасыған ырысым емес пе?

Ән, суы болса да, құлағым тоңса да

Солтүстік ыстық қой қазағым баршаңа!

***

Батыс болса да, Шығыс болса да

Әзілім жарасып, бір ойнап күлейік

Оңтүстік деген, Солтүстік деген

Бір атаның баласындай бірге жүрейік!

***

Қалжыңды сүйетін қазағым дарасың

Әзілмен әндетіп табайық жарасым

Мәңгілік мекенім, тілі бай әуезді

Айналып өтемін қазақтың даласын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serik-ibragimov-aza-pyz-b-rimiz-s-zi-688449](https://yvision.kz/kk/post/serik-ibragimov-aza-pyz-b-rimiz-s-zi-688449)