---
title: "Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 6 күн"
description: "Таңғы ас ішіп болған соң, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бағытталдық. Бұл парк Ақмола о..."
author: "Grandibek"
published: "2015-06-10T12:08:22+00:00"
modified: "2015-06-10T12:08:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-6-k-n-508263"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-6-k-n-508263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 6 күн

> Таңғы ас ішіп болған соң, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бағытталдық. Бұл парк Ақмола о...

**Таңғы ас ішіп болған соң, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бағытталдық. Бұл парк Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан және 129000 гектар жер алып жатыр. Бұл жерде алдымен Табиғат музейі бойынша зерттеу жүргіздік.**

**Мұражайдың сыртқы түрінің өзі адамды бірден өзіне тартып тұрады. Өйткені мұражайды қорғап тұрған кейіптегі тастан жасалған бүркіттің мүсіні, Кипр қаласынан әкелінген тастар, әсем пейзаждағы қайың мен қарағайдан қоршалған мұражай бейнесі әр адамның көңілінен шығатынына күмән келтірмейді. Ал әсем мұражайға кірген кезде, бірден көзге түсетін Бурабайдың макетін көрдік. Мұражайдың екінші қабатында Бурабайда тіршілік ететін барлық жануарлар, құстар және жәндіктер көрсетілген. Экспонаттар саны жыл сайын оқушылардың, халықтың және аңшылардың арқасында көбейіп келеді. Оның ішінде жануарлардың 305 түрі көрсетілген, 13 түрі қызыл кітапқа енген. Ал мұражайдың сыртқы жағында хайуанаттар бағы орналасқан. Бұндай жануарларды шын өмірде көргеннен өте көп әсер алдық. Мұражайдан кейін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі бойымен серуендедік. Бұл парк 2000 жылы құрылып, ҚР Президенті Іс Басқармасында орналасқан. Серуендеген кезде бұл аумақтың табиғаты ғажайып әрі ерекше екеніне көз жеткіздім. Өйткені, бұл жерге орманды далалы және мүжілген ұшақ шоқылы жондар кіреді, климаты жазда ыстық, қыста суық. Бұл жердің ландшафтында көлді, орманды, орманды-далалы, далалы және аласа таулар көптеп кездеседі. Ең қызық болғаны – бұл жермен байланысты аңыз әңгімелер мен тарихи оқиғалардың сан алуандығы. Мысалға, «Бурабай» деп аталу себебі, Абылай ханның осы жерде билік етуі және т.б. Кейін Абылай ханның тағына келдік. Аңыз бойынша, бұл тақты 7 рет айналып, асқақ арманды тілесең, міндетті түрде орындалады. Экспедициядан өте көп жағымды әсер алып, көңілді көңіл-күймен қонақ үйге қайтып келдік.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-6-k-n-508263](https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-6-k-n-508263)