---
title: "Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 5 күн"
description: "Таңғы ас ішіп болған соң, Қарасай батыр ауылына бағытталдық. Бұл жерде Қарасай – Ағынтай батырлардың..."
author: "Grandibek"
published: "2015-06-10T12:05:31+00:00"
modified: "2015-06-10T12:05:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-5-k-n-508262"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-5-k-n-508262/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 5 күн

> Таңғы ас ішіп болған соң, Қарасай батыр ауылына бағытталдық. Бұл жерде Қарасай – Ағынтай батырлардың...

**Таңғы ас ішіп болған соң, Қарасай батыр ауылына бағытталдық. Бұл жерде Қарасай – Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені бойынша экскурсия жүргізілді. Бұл кешен 1999 жылы елбасымызбен ашылған болатын. Бойлары 2, 2.3 метр Қарасай және Ағынтай 50 жыл бойы дос болып келген. Сондықтан да оны Ағынтаймен және 23 жасар балаларының қасында жерлеген. Сонан соң, Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан Музей-Қонысқа бардық. Бұл жер – Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның бұрыңғы үй жайы болатын. Бұл жерде атақты ғалым, этнограф, жазушы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен. Бұл жерде біз оның тұрмысымен, жеке заттарымен таныстық. Бұндағы экспонаттардың саны 6980. Музейде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі, оның туыстары туралы, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениеті, дәстүрлері мен салттары жайлы материалдар жинақталғын. Мен бұл саяхаттан кейін өте көп әсер алдым. Себебі, мен еліміздің атақты, ұлы тұлғалары туралы өте көп ақпарат алдым. Ал бұл - әрбір отансүйгіш адамның міндеті!**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-5-k-n-508262](https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-5-k-n-508262)