---
title: "Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 3 күн"
description: "Таңғы ас ішіп болған соң «Тыныс» Акционерлік Қоғамына бардық. Бұл жерде түрлі техникаларға бөлшектер..."
author: "Grandibek"
published: "2015-06-10T12:00:56+00:00"
modified: "2015-06-10T12:00:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-3-k-n-508260"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-3-k-n-508260/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 3 күн

> Таңғы ас ішіп болған соң «Тыныс» Акционерлік Қоғамына бардық. Бұл жерде түрлі техникаларға бөлшектер...

**Таңғы ас ішіп болған соң «Тыныс» Акционерлік Қоғамына бардық. Бұл жерде түрлі техникаларға бөлшектер жасайды. Арнайы пластикалық, полимерлік модельдерге металл құяды. Бұл кезде полимер газға айналады, ал металл бөлшектер қалып қояды. Көптеген ұшақтардың, тікұшақтардың, түрлі техникалардың бөлшектері бұл жерде жасалады. Сонан соң «Kamaz» зауытына бардық. Бұл жерде жүк тасуға арналған ауыр көліктер жасалады. Бұл көліктердің отын сыйымдылығы 280-330 литр. Сонан соң мектепте түскі ас ішіп, «Кокшетау мин. воды» және «Тұран» сусындар өндіретін зауыттарына бардық. Бұл жерде сусындардың құрамы, пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар бұндай сусындар қалай пайда болатынын айқындап көрсетті. Пятов Евгений Александрович судың адам ағзасы үшін маңыздылығы, тәулікке қанша мөлшер су ішу керек екені туралы және судың түрлері туралы өте көп ақпарат берді. Сонан соң өзінің өнімдерін бізге таратып берді. Мен үшін сусындар сақтайтын қоймалар таң қалдырды. Сонымен қатар «ENKI» кірпіш өндіретін зауытына бардық. Бұл жерде бүкіл жұмысты роботтар, түрлі құрылғылар барлық жұмысты өздері жасайды. Кірпітерді өндіру технологиясы ерекше болды, есімде жақсы қалды. Сонан соң, мектепке қайтып келдік, кешкі ас іштік. Астан кейін Көкшетау қаласының оқушылары «Karaoke party» ұйымдастырды. Көп өлең айтып болған соң, би билеп, көңіл көтердік. Бұл күн өте қызықты да көңілді өтті. Ертеңгі Астана қаласына сапар сәтті болатынына сенімдімін.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-3-k-n-508260](https://yvision.kz/kk/post/serik-bekzat-tu-an-elge-ta-zym-2015-k-kshetau-alasy-3-k-n-508260)