---
title: "Серік Ахметов Сочи қаласының олимпиадалық спорт нысандарында болды"
description: "Ресей Федерациясына Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-23T23:17:20+00:00"
modified: "2013-09-23T23:17:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-ahmetov-sochi-alasyny-olimpiadaly-sport-nysandarynda-boldy-375431"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serik-ahmetov-sochi-alasyny-olimpiadaly-sport-nysandarynda-boldy-375431/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серік Ахметов Сочи қаласының олимпиадалық спорт нысандарында болды

> Ресей Федерациясына Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына...

[!\[Серік Ахметов Сочи қаласының олимпиадалық спорт нысандарында болды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20130924093318-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20130924093318.jpg)

Ресей Федерациясына Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысуға келген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Сочиде саммит басталар алдында бірқатар олимпиадалық спорт нысандарында болды.

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

С.Ахметов «Үлкен» мұз айдыны сарайын, «Адлер-Арена» жабық коньки тебу орталығын және «Айсберг» мұз айдыны спорт сарайын аралап көрді.

Премьер-Министр спорт құрылыстарының сапасын және жобалардың ауқымын жоғары бағалады.

«Біз Сочидің Олимпиадаға даярлығының ауқымынан зор әсер алдық. Ойындар жоғары деңгейде өтетініне күмән жоқ. Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуде табыстар тілеймін» — деді ҚР Премьер-Министрі.

Еске сала кетейік, ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындар Сочиде 2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында өтеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serik-ahmetov-sochi-alasyny-olimpiadaly-sport-nysandarynda-boldy-375431](https://yvision.kz/kk/post/serik-ahmetov-sochi-alasyny-olimpiadaly-sport-nysandarynda-boldy-375431)