---
title: "Сергей Деревянченко кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады"
description: "Украиндық боксшы Сергей Деревянченко кәсіби рингтегі спорттық мансап жолын жеңіспен бастады, деп х..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-07-24T00:52:14+00:00"
modified: "2014-07-24T00:52:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sergey-derevyanchenko-k-sibi-ringtegi-al-ash-y-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-bastady-422564"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sergey-derevyanchenko-k-sibi-ringtegi-al-ash-y-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-bastady-422564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сергей Деревянченко кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

> Украиндық боксшы Сергей Деревянченко кәсіби рингтегі спорттық мансап жолын жеңіспен бастады, деп х...

[!\[Сергей Деревянченко\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/07/photo_44715-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/07/photo_44715.jpg)

Украиндық боксшы Сергей Деревянченко кәсіби рингтегі спорттық мансап жолын жеңіспен бастады, деп хабарлады Vesti.kz.

С.Деревянченко кәсіби рингтегі алғашқы жұдырықтасуын американдық боксшы Кромвелл Гордонға қарсы өткізген болатын. Жекпе-жек 6 раундқа созылуы тиіс еді. Алайда, екінші раундтан кейін американдық боксшы кездесуді одан ары жалғастырудан бас тартты. Осылайша, украиндық спортшы кәсіби бокстағы бірінші жеңісіне қол жеткізсе, бұған дейін 15 кездесу өткізген американдық осымен 11-ші рет жеңілістің ащы дәмін татты. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында «Астана арланс» клубының боксшысы, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) екі мәрте чемпионы Сергей Деревянченко кәсіби боксқа ауысқан еді. Ол Fight Promotions inc. және Dibella компанияларымен келісімшартқа отырған болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Марлан Жиембай](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/41)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sergey-derevyanchenko-k-sibi-ringtegi-al-ash-y-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-bastady-422564](https://yvision.kz/kk/post/sergey-derevyanchenko-k-sibi-ringtegi-al-ash-y-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-bastady-422564)