---
title: "Серена Уильямс «US Open-2013» жеңімпазы атанды"
description: "2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы — АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасынд..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-08T23:28:00+00:00"
modified: "2013-09-08T23:28:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/serena-uilyams-us-open-2013-zhe-impazy-atandy-372932"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/serena-uilyams-us-open-2013-zhe-impazy-atandy-372932/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Серена Уильямс «US Open-2013» жеңімпазы атанды

> 2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы — АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасынд...

[!\[Серена Уильямс\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_12214-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_12214.jpg)

2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы — АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сыны аяқталды.Биыл да өткен жылғыдай америкалық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс өз жерінде топ жарды. Бұл — оның «Үлкен Дулыға» турнирлеріндегі 17-ші жеңісі. Финалда ол Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/serena-uilyams-us-open-2013-zhe-impazy-atandy-372932](https://yvision.kz/kk/post/serena-uilyams-us-open-2013-zhe-impazy-atandy-372932)