---
title: "«Сенің „ЖОҚ“ деуің маңызды»"
description: "А.ж. 11 шілдеде Ерейментау аудандық кітапханасында облыстық дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» мараф..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-12T05:30:33+00:00"
modified: "2016-07-12T05:30:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/seni-zho-deui-ma-yzdy-701919"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/seni-zho-deui-ma-yzdy-701919/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сенің „ЖОҚ“ деуің маңызды»

> А.ж. 11 шілдеде Ерейментау аудандық кітапханасында облыстық дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» мараф...

А.ж. 11 шілдеде Ерейментау аудандық кітапханасында облыстық дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Баршамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігеміз» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және өз әрекеттерің үшін қоғам алдында жауапты болуға баулу.

Кітапхана қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа күрес-мемлекеттік саясатың басты бағыты» тақырыбында құқық сабағын өткізді. Сабаққа №8 агротехникалық колледждің ІІ курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында жиналғандар тақырыптық әдебиеттерді қарап, пікірлерімен бөлісті.

Жасөспірімдер кітапханасында «Зло на букву «К» тақырыбындағы ақпараттық- танымдық сағат өткізілді. Құқықтық әдебиет бойынша тақырыптық көрменің шолуы өткізілді. Іс-шараның аяғында қатысушыларға «Сенің «ЖОҚ» деуің маңызды» тақырыбындағы буклеттер үлестірілді.

Осы іспеттес іс-шаралар ауданның бірқатар кітапханаларында өтті, бұл шараларға 90 шақты адам қатысты.

![«Сенің „ЖОҚ“ деуің маңызды»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/mP2b6YMbM1lxvJ1D9YRpmC461vULQn.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/seni-zho-deui-ma-yzdy-701919](https://yvision.kz/kk/post/seni-zho-deui-ma-yzdy-701919)