---
title: "Сенің дауысың-сенің болашағың!"
description: "4 наурыз сағат 11.00-де «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты республикалық байқау нәтижелеріне арнал..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-05T23:03:22+00:00"
modified: "2016-03-05T23:03:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/seni-dauysy-seni-bolasha-y-682125"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/seni-dauysy-seni-bolasha-y-682125/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сенің дауысың-сенің болашағың!

> 4 наурыз сағат 11.00-де «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты республикалық байқау нәтижелеріне арнал...

4 наурыз сағат 11.00-де «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты республикалық байқау нәтижелеріне арналған бейнеконференция өткізілді. Павлодар облысынан республикалық постерлер байқауына 130-дай жұмыс жіберілген болатын. Сонын арқасында біздің аймағымыз үздіктер қатарына ене алды.

![Сенің дауысың-сенің болашағың!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ql1n61w89B25xCdh2UZy2ylO34ju5P.jpg)

«Мен өзімнің постерімде әркімнің дауысы өте маңызды және оның болашағымызға әсер ете алатындығын айтқым келді. Өз жұмысымда мен Қазақстанының тағдырына, яғни өзімнің тағдырыма жауапты екендігімді, сонымен қатар бірлік идеясын көрсеттім»,- деді бейнеконференцияның қатысушысы Мухина Раушан.

«Сенің дауысың-сенің болашағың» республикалық постерлер байқауы алдаға болар сайлауға арналған. Байқау 17 ақпан күні басталды. 18 наурыз күні жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

*Павлодар облысының жастар саясаты*

*мәселелері жөніндегі басқармасы.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/seni-dauysy-seni-bolasha-y-682125](https://yvision.kz/kk/post/seni-dauysy-seni-bolasha-y-682125)