---
title: "Сенің бетің қандай?"
description: "Бала болған соң кейбір сөздің мағынасын жете түсінбейді. Сондықтан жаман сөздер де айтып жатады. Кей..."
author: "Mysli_v_Sluh"
published: "2020-12-02T09:15:28+00:00"
modified: "2020-12-02T09:15:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/seni-beti-anday-883137"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/seni-beti-anday-883137/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сенің бетің қандай?

> Бала болған соң кейбір сөздің мағынасын жете түсінбейді. Сондықтан жаман сөздер де айтып жатады. Кей...

Бала болған соң кейбір сөздің мағынасын жете түсінбейді. Сондықтан жаман сөздер де айтып жатады. Кейде айтылуын келтіре алмайды да, жақсы сөздің өзі ұят сөзге айналады.

- Біз қуырдақ жейміз кешке, - дейді папасы.

- Біз қуутақ жемейміз, біз ет жейміз, - дейді қызы.

Әрине, бұл сөзді естіп күліп жібердік.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/383501/54348a1a2c3055262657705503a30a.png)

Өткен түні маған қарап:

- Сенің бетің қандай? - деп сұрады. Ойбай, не дер екен, жаңа ғана бетіме май жағып едім (ол майды жақтырмайды) деп ойладым.

- Сенің бетің әдемі боп тұр ғой, - деді.

Мұндай комплимент естимін деп ойламаған басым, көңілім көтеріліп қалды. Інімнің қызы болса да, өз қызымдай көрем. "Мен сенің қызыңмын" деп айтатыны тағы бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/seni-beti-anday-883137](https://yvision.kz/kk/post/seni-beti-anday-883137)