---
title: "«Сенбілік таң» — режиссер Қалила Омардың шаңырағында"
description: "Деректі фильм түсірудің шебері Қалила Омардың отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-13T00:11:00+00:00"
modified: "2015-07-03T05:13:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-rezhisser-alila-omardy-sha-yra-ynda-518509"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-rezhisser-alila-omardy-sha-yra-ynda-518509/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сенбілік таң» — режиссер Қалила Омардың шаңырағында

> Деректі фильм түсірудің шебері Қалила Омардың отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де...

Деректі фильм түсірудің шебері Қалила Омардың отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.

![«Сенбілік таң» — режиссер Қалила Омардың шаңырағында](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/To5Dv9JehZ77qhr2P9NAyVZgvybW2i.png)

Қазақ режиссерлерінің ішінде деректі фильм түсіруді қолға алып, үнемі мұрағат ақтарып, кино-документалист ретінде қалыптасқан кинорежиссерлердің бірі – Қалила Омар.

Оның туындыларының көпшілігі тарихтағы Алаш ақтаңдақтарына арналған. «Мағжан», «Алаш туралы сөз», «Алашорда» деректі фильмдерінде Қалила Омар қазақ зиялыларының бейнесін кеңінен ашып көрсетеді. Кинорежиссер Балтабай Көшербайұлы: «Қалиланың фильмдерінен қазақтың иісі аңқып тұрады. Мен оның қазақтың фольклорын, әр сөзінің астарын ашуға тырысатынына өте қатты мән беремін»,-дейді.

Бүгін «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омардың отбасымен сұхбат құрады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-rezhisser-alila-omardy-sha-yra-ynda-518509](https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-rezhisser-alila-omardy-sha-yra-ynda-518509)