---
title: "«Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында"
description: "«Абай» мұражайы директорының сұхбатын ертең сағат 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. «Абай» атындағы ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-18T02:53:56+00:00"
modified: "2015-09-18T02:53:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-ba-darlamasy-zhandos-ub-kirovti-sha-yra-ynda-542115"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-ba-darlamasy-zhandos-ub-kirovti-sha-yra-ynda-542115/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында

> «Абай» мұражайы директорының сұхбатын ертең сағат 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. «Абай» атындағы ...

«Абай» мұражайы директорының сұхбатын ертең сағат 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

![«Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/trk_kaz/UUgs4JTXEK5oY399mcpRuOuaT9Vf2W.png)

«Абай» атындағы әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Жандос Әубәкіров бүгінде Абайдың әдеби мұраларынан бөлек, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтың әдеби мұраларын насихаттап, игі дәстүрге айналдырып келеді.

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаңында Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-сы күні мереке үстінде ашылды.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражайды басқарып отырған Жандос Әубәкіров кім? Ертең 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасынан көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-ba-darlamasy-zhandos-ub-kirovti-sha-yra-ynda-542115](https://yvision.kz/kk/post/senbilik-ta-ba-darlamasy-zhandos-ub-kirovti-sha-yra-ynda-542115)