---
title: "«Сенбілік кездесуде» – Гүлжан Әспетова"
description: "Актрисаның жақындары мен дос-жарандарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан саға 21:00-де көре аласыздар..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-14T03:17:34+00:00"
modified: "2015-11-14T03:17:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesude-g-lzhan-spetova-638214"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesude-g-lzhan-spetova-638214/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сенбілік кездесуде» – Гүлжан Әспетова

> Актрисаның жақындары мен дос-жарандарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан саға 21:00-де көре аласыздар...

Актрисаның жақындары мен дос-жарандарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан саға 21:00-де көре аласыздар.

![«Сенбілік кездесуде» – Гүлжан Әспетова](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/UX753nn8jj783I1lZN5kCscGhr766f.png)

Мектеп қабырғасында жүргенде «Соровка – Воровка» ертегісіндегі басты рөл ханшайымды сомдаған Гүлжан Әспетова, сол кезде-ақ жұлдыз атанған еді.

Ұстазы Павел Васильевич баланың бойындағы ерекше дарынды байқап: «Гуля, Гуленка, сен тек өнерге арналған қызсың! Сенің бойыңда актриса болуға барлық қасиет пен мүм­кіндіктер бар»,-деген екен.

Ес білгелі сахнаның төрінен табылған актриса бүгінде: «Мен сахнаға тым болмаса, бір айда бір рет шықпасам, ішкі әлемім босап қалады. Халықтың алдына шығып, халықтың қошеметін сезініп, сырын, мұңын тарқатпаса, адам рухани өліп кетеді»,- дейді.

ҚР Халық әртісі бүгін «Сенбілк кездесуде» қонақта.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesude-g-lzhan-spetova-638214](https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesude-g-lzhan-spetova-638214)