---
title: "«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында"
description: "«Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-10T19:09:00+00:00"
modified: "2015-08-05T07:12:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesu-temir-ali-k-pbaevty-sha-yra-ynda-523308"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesu-temir-ali-k-pbaevty-sha-yra-ynda-523308/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

> «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан...

![«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/zwLj4AsAKJi1eI86nPef7xMGJRm3x7.png)

«Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар. Темірғали Көпбаев - 1962 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақ университеті» баспасында редактор, «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. «Көзмоншақ», «Жаңғырық» жыр жинақтарының, «Қазақ радиодрамматургиясы» ғылыми монографиясының авторы. «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен сұхбат құрады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesu-temir-ali-k-pbaevty-sha-yra-ynda-523308](https://yvision.kz/kk/post/senbilik-kezdesu-temir-ali-k-pbaevty-sha-yra-ynda-523308)