---
title: "Сенат Монреаль хаттамасы шеңберiндегi түзетулердi ратификациялады"
description: "BNews.kz ҚР Парламентi Сенаты «Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-04-10T00:39:06+00:00"
modified: "2014-04-10T00:39:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/senat-monreal-hattamasy-she-berindegi-t-zetulerdi-ratifikaciyalady-409068"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/senat-monreal-hattamasy-she-berindegi-t-zetulerdi-ratifikaciyalady-409068/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сенат Монреаль хаттамасы шеңберiндегi түзетулердi ратификациялады

> BNews.kz ҚР Парламентi Сенаты «Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы...

BNews.kz ҚР Парламентi Сенаты «Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжiңде қабылданған түзетудi ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы 1987 жылы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылды. Хаттамаға Бейжің түзетуi 1999 жылы 3 желтоқсанда енгізілді. Түзетумен Монреаль хаттамасының мүшесi болып табылмайтын кез келген мемлекетке гидрохлорфторкөмiртектi экспорттауға немесе импорттауға тыйым салу белгiленедi. Сонымен қатар, хаттамаға мүше мемлекеттер гидрохлорфторкөмiртегi өндiрiсiн реттеудiң қосымша шараларын енгiзедi.

«Монреаль хаттамасы шеңберiнде бұл түзетулердi ратификациялау шағын және орта бизнеске озон бұзатын заттардың тұтынылуына шектеу енгiзiлген кезде қаржы шығындарын төмендетуге, «көлеңкелi» схемалар мен контрабанда қатерлерiн барынша азайтуға, ұлттық заңнаманы Кеден одағы, Еуропалық экономикалық комиссия шеңберiнде үйлестiруге мүмкiндiк берiп, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөнiндегi тұжырымдамасын жаңа технологияларды тарту бөлiгiнде iске асыруға ықпал ететiн болады», – делiнген Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетiнiң заң жобасы бойынша қорытындысында.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

BNews.kz ҚР Парламентi Сенаты «Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжiңде қабылданған түзетудi ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы 1987 жылы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылды. Хаттамаға Бейжің түзетуi 1999 жылы 3 желтоқсанда енгізілді. Түзетумен Монреаль хаттамасының мүшесi болып табылмайтын кез келген мемлекетке гидрохлорфторкөмiртектi экспорттауға немесе импорттауға тыйым салу белгiленедi. Сонымен қатар, хаттамаға мүше мемлекеттер гидрохлорфторкөмiртегi өндiрiсiн реттеудiң қосымша шараларын енгiзедi. «Монреаль хаттамасы шеңберiнде бұл түзетулердi ратификациялау шағын және орта бизнеске озон бұзатын заттардың тұтынылуына шектеу енгiзiлген кезде қаржы шығындарын төмендетуге, «көлеңкелi» схемалар мен контрабанда қатерлерiн барынша азайтуға, ұлттық заңнаманы Кеден одағы, Еуропалық экономикалық комиссия шеңберiнде үйлестiруге мүмкiндiк берiп, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөнiндегi тұжырымдамасын жаңа технологияларды тарту бөлiгiнде iске асыруға ықпал ететiн болады», – делiнген Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетiнiң заң жобасы бойынша қорытындысында. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-94/](http://)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/senat-monreal-hattamasy-she-berindegi-t-zetulerdi-ratifikaciyalady-409068](https://yvision.kz/kk/post/senat-monreal-hattamasy-she-berindegi-t-zetulerdi-ratifikaciyalady-409068)