---
title: "\"Сен қоғамға керексін! Ты нужен обществу! Society needs you!\""
description: "ШҚО-да OB-156/2 ДУИС құру бойынша кәсіби және жұмыс дағдыларын қалпына келтіру және біріктіру үшін с..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-05-26T08:29:56+00:00"
modified: "2018-05-26T08:29:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-o-am-a-kereksin-ty-nuzhen-obshchestvu-society-needs-you-805584"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-o-am-a-kereksin-ty-nuzhen-obshchestvu-society-needs-you-805584/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Сен қоғамға керексін! Ты нужен обществу! Society needs you!"

> ШҚО-да OB-156/2 ДУИС құру бойынша кәсіби және жұмыс дағдыларын қалпына келтіру және біріктіру үшін с...

ШҚО-да OB-156/2 ДУИС құру бойынша кәсіби және жұмыс дағдыларын қалпына келтіру және біріктіру үшін сотталғандарды техникалық және кәсіптік оқыту жүргізілуде.

Оқыту сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда: "Сен қоғамға керексін! Ты нужен обществу! Society needs you!".

2017-2018 оқу жылында алты мамандық бойынша - слесарь, фрезер станогы, электр қуатымен дәнекерлеуші, кран операторы, токарь, ағаш ұстасы, 89 сотталған азамат білім ааған еді.

«Сотталғандарды өндірістік оқытудың алты шебері, 6 оқытушы, оқу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі директор және кәсіби колледждің директоры дайындайды», - деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ДУИС-тің OВ-156/2 ОВРСО басшысы Р.Тулеубаев.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, тұтқындар материалтану, электротехника, еңбек қорғау, нарықтық экономиканың негіздері, Қазақстан тарихы, қазақ және шет тілдері, информатика, сурет салу, метрология, этика және психология пәндерін оқып жатыр.

Электр цехтері, көлік бөлімі, сондай-ақ металл және ағаш өңдеу цехы бар «Еңбек-Өскемен 17» РМК мекемесінің арнайы орындарында сотталғандар оқыту-тәжірибелік жұмыс жасайды. Сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарында мамандықтар алып, босатылғаннан кейін қоғамда бейімделе алады, сонымен қатар адал еңбектің арқасында жұмыс істей алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-o-am-a-kereksin-ty-nuzhen-obshchestvu-society-needs-you-805584](https://yvision.kz/kk/post/sen-o-am-a-kereksin-ty-nuzhen-obshchestvu-society-needs-you-805584)