---
title: "Сен менің...М.Мақатаев"
description: "Сен мына - жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта меңі, Біреу..."
author: "Araika07"
published: "2013-01-21T12:55:40+00:00"
modified: "2013-01-21T12:56:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-meni-m-ma-ataev-315657"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-meni-m-ma-ataev-315657/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сен менің...М.Мақатаев

> Сен мына - жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта меңі, Біреу...

Сен мына - жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта меңі, Біреулер көлеңкесін түсірмесін! Сен менің - мына тылсым кеудемдесің, Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе-зынданыңа салып сақта, Біреулер көкпар қылып өңгермесін! Сен - менің миымдасың! Білесің, миым жатқа бұйырмасын. . Миыңның бір жеріне жасыр мені, Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!.. Сен мына - менің алып басымдасың, Білесің, ешкім де оны басынбасын. Сен мені өз басыңмен бірге қорға, Біреулер зұлымдығын асырмасын!

P.s. Осындай сөздерді арнайтын жан бар екеніне қуанамын)

Уақыт: 00:55

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-meni-m-ma-ataev-315657](https://yvision.kz/kk/post/sen-meni-m-ma-ataev-315657)