---
title: "Сен күніне неше рет «ойланасың»?"
description: "Бүгінгі заманымызды \"әбігер заманы\" десек артық айтқан болмас. Тыным таппайтын тоқтаусыз шыр айналу...."
author: "balbergenov"
published: "2015-09-22T05:42:34+00:00"
modified: "2015-10-01T05:35:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-k-nine-neshe-ret-oylanasy-545564"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-k-nine-neshe-ret-oylanasy-545564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сен күніне неше рет «ойланасың»?

> Бүгінгі заманымызды "әбігер заманы" десек артық айтқан болмас. Тыным таппайтын тоқтаусыз шыр айналу....

Бүгінгі заманымызды "әбігер заманы" десек артық айтқан болмас. Тыным таппайтын тоқтаусыз шыр айналу. Осы бір қаланың әбігерінде уақыттың да, дүниенің де құны жоғалды. Таң атқаннан кеш батқанша басымызды бүгіп алып, үлкен жаһандық ахуалдың бөлігі болып жүрміз. Иә, өкінішке орай тіршілігіміз осы. Сонда ойланатын сәт туғанда, "ой, қойшы соны" деп ең оңай амалды таңдаймыз. Ал ойланатын сәт қашан туғанын қалай байқасақ? Қалай өткізіп алмасақ? Мына шумақтармен осы сұраққа жауабын беріп көрейін:

Ойланатын сәт...

Жат елден соққан жел ырғағы, Далада көптеген көл құрғағы. Атаңның жерге түскен тымағы, Айналған арманға Алланың Жұмағы. Залымнан бейхабар пенденің құлағы, Ғалымның азайған қояр сұрағы. Таулардың тартылған мөлдір бұлағы, Ерлердің көбейген ішетін арағы. Анаңның мұңайған қара қабағы, Мектептің таусылған берер сабағы. Халқыңның жоғалтқан жер тұрағы, Қыздың қолына алған темір орағы. Тәкаппардың данадан биік тұрғаны, Баласы туған әкесін ұрғаны. Шетелдік сана билігін құрғаны, Осы, ойланатын сәттің туғаны...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-k-nine-neshe-ret-oylanasy-545564](https://yvision.kz/kk/post/sen-k-nine-neshe-ret-oylanasy-545564)