---
title: "Сен қазақша сөйледің..."
description: "Елбасы Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны әр қазақты қуантты. БА..."
author: "BerikSultan"
published: "2015-10-27T07:16:44+00:00"
modified: "2015-11-03T23:10:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-aza-sha-s-yledi-538939"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-aza-sha-s-yledi-538939/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сен қазақша сөйледің...

> Елбасы Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны әр қазақты қуантты. БА...

Елбасы Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны әр қазақты қуантты. БАҚ өкілдері қазақ тілін әлем естіді мақала жазып, телеарналардан түрлі сюжеттер көрсетті. Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл қуанышпен бөліспей тұра алмады, барлығы дерлік Елбасының суретін салып, бір-бір пост арнады. Интернетті ақтарып отырғанда, Ауыт Мұқибектің "Сен қазақша сөйледің..." атты өлеңін оқып қалдым. Керемет жазылған. Ұнады. Бірден алтын дауыс иегері Мұхамедәли бауырыма хабарласып, өліңді оқып беруін өтіндім. Ролик жасаймыз, Елбасын қолдауымыз бен тілге құрметімізді біз де білдірейік дедім. Қуана келісті. Бас аяғы 2 сағаттың ішінде ролик дүниеге келді. Ел арасында жақсы тарады. белгілі сайттар алғашқы бетіне шығарды. Ең күштісі ҚР Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Сен қазақша сөйледің...» атты видеоны жарялады. Еңбек еленіп, жасаған дүниеміз пайдаға жарап жатса біздің мақсаттың орындалғаны. Бұйыртса, алдағы уақытта бірнеше роликті назарларыңызға ұсынамыз!

![Сен қазақша сөйледің...](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/HYMckrT2cFHH1W4U9MQ6pTU66tPgrs.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-aza-sha-s-yledi-538939](https://yvision.kz/kk/post/sen-aza-sha-s-yledi-538939)