---
title: "Сен қайтесің?"
description: "Сен қайтесің жаныңды мұң басқанда?Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда?Ақтарылғым келеді барып менің,Өгейсін..."
author: "begimk"
published: "2018-02-26T18:02:04+00:00"
modified: "2018-02-26T18:12:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-aytesi-797980"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-aytesi-797980/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сен қайтесің?

> Сен қайтесің жаныңды мұң басқанда?Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда?Ақтарылғым келеді барып менің,Өгейсін...

Сен қайтесің жаныңды мұң басқанда?

Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда?

Ақтарылғым келеді барып менің,

Өгейсінген өзімдей мұңдастарға.

***

Сен нетесің сондай бір сәттеріңде?

Мұңның шаңы іліксе пәк көңілге?

Қараймын да отырам ондайда мен,

Қалам ізі түспеген дәптеріме.

***

Жалғаның да қалады,

Арманым да,

Не боп жатыр білмеймін жан-жағымда.

Басқа жүрек соға ма, түсінбеймін,

Бар жүректің мендегі ар жағында.

***

Мұңайғым да келмейді, қуанғым да,

Тасыдым ба, білмеймін суалдым ба?!

Көктедім бе, білмеймін қуардым ба?!

Сұрақ белгі әйтеуір тұр алдымда.

***

Мұң да қалып жайына,

Жыр да қалып,

Отырамын қаламды қынға малып.

...Кезіп кеткім келеді кең өлкені,

Кер бестісін біреудің ұрлап алып.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-aytesi-797980](https://yvision.kz/kk/post/sen-aytesi-797980)