---
title: "Сен қайда жүрсің?"
description: "Мені осынша сағындырып, Жүрегімді лаулатып, жалын қылып. Мен сені іздеп жүрмін Шығар-ау деп жарқ еті..."
author: "Asylym1"
published: "2018-01-26T10:36:21+00:00"
modified: "2018-01-26T10:36:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-ayda-zh-rsi-794166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sen-ayda-zh-rsi-794166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сен қайда жүрсің?

> Мені осынша сағындырып, Жүрегімді лаулатып, жалын қылып. Мен сені іздеп жүрмін Шығар-ау деп жарқ еті...

Мені осынша сағындырып,

Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.

Мен сені іздеп жүрмін

Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,

Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.

Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.

Кеудемде қамалған үн, шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.

Басқаларға айта алмас сырымды мен

Ішімдегі бүгіп жүрем –

ақтаруға тек қана саған бәрін.

Жанымды жайып салам,

Көмілмей жасқа, мұңға,

Орап сені сағыныш – ақ сағымға.

Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса

Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша

Отырамын көз ілмей бас жағыңда.

Арпалысқан сәтте сол

сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт

Әттең атып қалады-ау таң да күліп…

Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,

Ол да сені нұрымен аймалай ма?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sen-ayda-zh-rsi-794166](https://yvision.kz/kk/post/sen-ayda-zh-rsi-794166)